Тікелей эфир

Үкімет экономиканы өсіру үшін 9,6 триллион теңге инвестиция салады

Оның 7 триллион теңге көлеміндегі негізгі бөлігі бюджеттен тыс инвестиция көздерінен алынады.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров экономикадағы өсімді қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн теңге инвестиция жасау жоспарланып отырғанын айтты.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл сомаға бюджетте қарастырылған бюджеттік инвестициялар және бюджеттен тыс инвестиция көздері кіреді.

"Оның 7 трлн теңге көлеміндегі негізгі бөлігі бюджеттен тыс инвестиция көздерінен алынады. Біріншіден, бұл біздің ұлттық холдингтеріміздің қаражаты. "Самұрық-Қазына" мен "Бәйтеректің" барлық еркін өтімділігі осы өсу бағдарламасына бағытталған. Екінші көзі — ішкі және сыртқы капитал нарығы. Біз қазір ішкі ресурстарды белсенді түрде тартып жатырмыз. Бұл екінші деңгейлі банктер мен басқа да институционалдық ішкі инвесторлардың қаражаты", – деді Нұрлан Байбазаров.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық қаржы ұйымдарымен де маңызды жұмыс жүргізіліп жатыр, жобаларға ұзақ жеңілдікті қаржыландыру көздері тартылып жатыр.

Сонымен қатар отандық және шетелдік инвесторлардың жеке инвестициялары маңызды рөл атқарады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары