Тікелей эфир

Үкімет: Барлық өңірде шегірткеге қарсы өңдеу аяқталды

Үкімет шегірткеге қарсы белсенді жұмыс кезеңін аяқтап, келесі жылға дайындықты бастайды.

Барлық өңірде шегірткеге қарсы өңдеу аяқталды. Жұмыс қорытындысы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі орталық штаб отырысында шығарылды.

Өңделген алқаптардың жалпы көлемі 3,1 миллион гектар болды, бұл биыл болжанған 2,5 миллион гектар көрсеткіштен 23%-ға жоғары.

Болжамды көлемнің іс жүзінде асып кетуі жаңа таралу ошағы анықталған жерлерді қайта өңдеуге байланысты қалыптасты.

"Тұрақты мониторинг, дрондармен қоса техниканы зиянкестердің белсенді таралу орындарына жедел көшіру, орталық үкіметтік және өңірлік деңгейлердегі жағдайды қолмен басқару және бақылау, шекара маңы мемлекеттерінің аграрлық ведомстволарымен тығыз өзара іс-қимыл өз нәтижесін берді – биыл фермерлердің егістіктері шегірткеден зардап шеккен жоқ", – делінген хабарламада. 

Негізгі қорғаныс іс-шараларының аяқталуына қарамастан, тағы бір апта бойы жекелеген өңірлерде шегірткенің пайда болуын бақылау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Үкімет шегірткеге қарсы белсенді жұмыс кезеңін аяқтап, келесі жылға дайындықты бастайды. Биылғы жоспарда – шегірткенің таралу көлемі бойынша болжам жасау және өңірлерде фитосанитариялық инспекциялар пайдаланатын дернәсілдердің пайда болу орындарын мониторингтеу үшін 100 дрон сатып алу қарастырылған. 2025 жылы алқаптарды өңдеу үшін дрондар сатып алу жоспарланып жатыр.

"Сонымен қатар келесі жылы пестицидтерге, оларды тасымалдауға, сақтауға және қолдануға арналған шығындарды қамтитын шегірткеге қарсы бірыңғай қызметті орталықтандырылған сатып алуға көшу көзделіп отыр. Бұл жерді өңдеудің сапасы мен тиімділігін бақылауға, орындаушылардың жауапкершілігін арттыруға және бизнестің сатып алуға қатысуын тартымды етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары