Үкімет Ақтаудың жылу желілерін қайта құруға 3,6 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлді

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
Ақтау қаласының жылу желілерінің жалпы ұзындығы 562 шақырым.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылыту маусымында халықты үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ақтау қаласындағы жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр. Осы мақсатта Үкімет резервінен шамамен 3,6 млрд теңге бөлініп, премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Жалпы құны 13,8 млрд теңгені құрайтын бұл жоба 2024 жылы басталған болатын. Қазіргі таңда екі құбырлы жүйемен 5,5 шақырым жылу желісі тартылып үлгерді. Жаңа желілер көбікті полиуретанмен оқшауланған және диаметрі 530 мм-ден 1020 мм-ге дейін жететін заманауи құбырлармен жабдықталып жатыр.

Ескі болат құбырлар толықтай алынып, олардың орнына жаңа құрылғылар орнатылуда. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы кезінде анықталған 375 ақау түгелдей жойылды. Қазіргі таңда Ақтаудағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 562 шақырым болса, оның 79 пайызы тозған. Аталған жобаның жүзеге асуы нәтижесінде бұл көрсеткіш 75 пайызға дейін төмендейді деп күтіліп жатыр.

Бұл мынандай мүмкіндіктер береді:

  • тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз етеді;
  • ыстық судың жеткізілу тиімділігін арттырады;
  • қызмет көрсету шығындарын азайтады.

Келешекте "Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 2025-2029 жылдарға арналған қосымша қаржыландыру жоспары әзірленіп жатыр. Осы кезеңде 175 шақырым жылу желісі, жылумен жабдықтау көздері жаңадан салынып, қайта жаңғыртылады.

Жоба жылу жүйелерінің тозуын төмендетуге, инвестиция тартуға және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз