Мамандардың айтуынша, тәркіленген тапанша – ұңғысын ауыстыру арқылы оқ атуға арналған атыс қаруы.
Үйінде мефедрон мен Макаров тапаншасын жасырған Алматы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Күдіктіні қолға түсіру шарасын есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізді.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы Г. есімді азамат ұсталды. Тінту кезінде одан ақ түсті ұнтақ заты бар екі полиэтилен бума және төрт патроны бар Макаров тапаншасы табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат – "мефедрон" синтетикалық есірткісі. Мамандардың айтуынша, тәркіленген тапанша – ұңғысын ауыстыру арқылы оқ атуға арналған атыс қаруы. Қару атуға жарамды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөліміне сәйкес тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салсақ, Ақмола облысында қызметтік иттің екі ұрлықты ашуға көмектескені туралы хабарлаған едік. Екі қылмыс бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
371
-
0
-
1
-
-
2👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
298
-
0
-
0
-
-
3🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
289
-
1
-
2
-
-
4🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
293
-
0
-
0
-
-
5🦛🦒 Қазақстанда қандай жануарларды спорт жарыстарына қатыстыруға болады?
-
290
-
0
-
0
-
-
6🔠 Түркі елдеріне ортақ әліпби: Қазақстан ғалымдары бұған не дейді?
-
282
-
0
-
3
-
-
7📝 Тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдаған Торанғалық ауылы таратылмақ
-
307
-
0
-
0
-
-
8🇨🇳 Сыртқы істер министрлігі: Қытаймен визасыз режим 2-3 айдан соң енгізіледі
-
348
-
0
-
2
-
-
9🪖 Әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады
-
315
-
0
-
0
-
-
10🕌 Қазақстан имамдары жұма мен тарауық намаздарын бірізді оқуға үндеу жасады
-
293
-
0
-
4
-