Тікелей эфир

Үйі бұзылатын атыраулықтар әкімдік бекіткен бағамен келіспей шу көтерді

Атырау облысы, Жылыой ауданында сүрілетін баспананың тұрғындары бағалаушылардың бекіткен бағасымен келіспейді.

Тұрғындар шенеуніктер ұсынған ақшаға үй тұрмақ, сарай алуға келмейтінін айтты. Әкімдіктегілер екіқабатты ескі үйлерді жаппай бұзып, орнына Арбат салуды жоспарлаған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Шенеуніктер былтыр әкімдік алдындағы 2 қабатты 12 пәтерлік бұл тұрғын үйлер сүріліп, орнына Арбат салынатынын айтқан. Тіпті ол үшін Астанадан арнайы тәуелсіз сарапшы шақыртып, баспаналардың нарықтағы құнын да есептеп қойған. Тұрғындар бағалаушылар бекіткен 5-8 миллион теңгеге үй тұрмақ, сарай алуға да келмейтінін айтуда.

"Бізді шақырып алып, үйді босатуымызды сұрады. Оның орнына Арбат, ойын алаңы салынатынын айтты. Біз мұндай қаражатқа ештеңе тимейтінін, дайын үй беру керектігін немесе қаражат көлемін ұлғайтуларын сұрадық", – деді Жылыой ауданының тұрғыны Айман Дуршакова.


Оқи отырыңыз: Семейде көпбалалы 32 отбасыға тұрғын үй кілті табысталды


Тұрғындардың талабын тыңдауға аудан әкімі келмеді. Оның орнына салаға жауапты бөлім басшысы ғана келді. Атқамінердің сөзінше, заңға сәйкес, толық бағалау жұмыстары жүргізілген.

"Бұл тұрғындар бағалау тұжырымдамасына келіспей отыр. Енді біз оларға түсіндірдік. Егер бұл бағалауға келіспесеңдер, бізді сот инстанциясына беріп, бағалауды қайта жүргізуге болады. Біз бағалайтын компания белгілеген бағаны ғана төлеуге құқымыз бар. Одан артық төлей алмаймыз", – деді Жылыой аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Саян Басилов.


 

Серіктестер жаңалықтары