Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөлімі имандылықтың бір белгісі саналатын ар-ұят тақырыбында діни түсініктеме берді.
Дін өкілдерінің жазуынша, қоғамның сыртқы үлкен мәдениеті әрбір адамның ішкі мәдениетінен басталады. Қазақ халқының "Малым жанымның, жаным арымның садағасы" деген аталы сөзі ар мен намыстың адам өміріндегі ең жоғары құндылық екенін айқын көрсетеді. Адамның ішкі мәдениеті – оның иманы, ары, ұяты және әдебі.
Бұл ретте қазақ халқының ұрпақ тәрбиесінде екі ауыз сөзбен өрілген қос ұстаным бар. Олар: ұстаным еткен:
- "Ұят болады" деген сөз баланың бойында ар-намыс пен әдептілікті
- "Обал болады" деген сөз жанашырлықты, мейірімділік пен обал-сауапты түсінуге, табиғат пен адамға қиянат жасамауға үйретеді.
Дегенмен, Ислам дінінде ұялу дұрыс деп табылмайтын жағдайлар да бар. Олар төртеу:
- Дінде міндет болып табылатын істерді атқарудан ұялу. Дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау т.б. дін міндет еткен ғибадаттарды атқаруға ұялмау керек.
- Ұялшақтық тыйым етілген істерге жетелемеу қажет. Қандай да бір адам "адамдардан ұят болады деп, мен де іштім" деп немесе "құдам ішетін болған соң, ұялғаннан дастарханға арақ қойдым" деп айтуы ұялудың құпталмайтын түріне жатады.
- Ақиқатты айтудан ұялу. Қазақ халқы да ұятты өте жоғары бағалағаны белгілі. Бірақ кей кездері "Ұлы сөзде – ұят жоқ" деп кей жағдайда ақиқат болған нәрсені сөз ету ұят болмайтынын айтқан.
- Білім алудан ұялу. Білім алушы жасының үлкендігінен ұялуы немесе білмейтінін сұраудан қысылуы сияқты т.б. білім мәселесіндегі ұялу құпталмайды.
Алла жолы мен адам жолы: Өнер жұлдыздары неге дінге дайындықсыз келеді
Ислам ән мен музыкаға қарсы емес, бірақ шарты бар – ҚМДБ