Қазақстан қоржынында қазіргі таңда 3 алтын, 1 қола бар.
Қазақстан ұлттық студенттер спорт одағының президенті Қайрат Закирьянов АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік универсиада және оған қатысып жатқан қазақстандық спортшылардың әлеуеті жайында пікірін айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанның үмітін арқалаған спортшылар өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Ел қоржынында әзірге 3 алтын, 1 қола бар.
"Бұл – үлкен жетістік. Өйткені, командалық есеп бойынша үздік үштіктің қатарындамыз. Мұндай үлкен жетістікке жетуімізге студенттер спортының дамуына ерекше ықыластық танытқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірден-бір себеп болды. Шыны керек, бұл универсиадаға Қазақстан студенттері қатыспауы да мүмкін еді. Үлкен қиындықтар болды. Алайда, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің табандылығының арқасында қаржылық мәселелер тез арада шешіліп, еш кедергі мен қиындықсыз спортшыларымыз Америкаға аттанды", – деді Қайрат Закирьянов.
Оның айтуынша, алтыннан алқа тағынған студент-спортшылардың жеңісі – күллі қазақтың жеңісі.
"Бүкіл ел боп қуанып жатырмыз. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттер спортын қолға алып, дамыту жолында көптеген жұмыстар атқаратынын айтты. Министрлік студенттер лигасын, ҚР чемпионаттарын өткізуге, спорт пен білімді ұштастырған әр студентке қолдау көрсететінін жеткізді. Бұл – спортшыларымызға үлкен мотивация", – деді Қазақстан ұлттық студенттер спорт одағының президенті.
Айта кетейік, дүниежүзілік универсиада – Олимпиададан кейінгі екінші рөлге ие үлкен дода.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
420
-
0
-
1
-
-
2Бүгін жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады 🚗
-
426
-
2
-
1
-
-
3Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады
-
389
-
0
-
2
-
-
4Жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдау аяқталды ма?😢
-
377
-
1
-
2
-
-
5ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?
-
376
-
0
-
2
-
-
6Тоқаев Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажет шараны қабылдауды тапсырды
-
338
-
1
-
2
-
-
7autonesie.kz сайтына алғашқы бір минутта 125 мың адам кірген
-
327
-
4
-
3
-
-
8👨👩👦 Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек
-
328
-
0
-
4
-
-
9Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
-
296
-
4
-
2
-
-
10Абай облысында жолаушылардың толық шыққанын күтпей, жүріп кеткен автобус жүргізушісі айыппұл төлейді
-
280
-
0
-
2
-