USD: 485.1 / 488.1
  • EUR: 560.5 / 565.5
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

ҰБТ-ға 246 талапкер смартфон, смарт көзілдірік және микроқұлаққап алып кірмек болған

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Тестілеудегі ең жоғары – 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады. 

2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу осы уақытқа дейін 187 мыңға жуық рет тапсырылды. Биыл 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген болатын, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Төрт аптаның қорытындысы мен статистикасы

ҰБТ басталғаннан бергі төртінші аптаның қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер төмендегідей:

  • тілдер бойынша бөлініс: Талапкерлердің 73 пайызы тестілеуді қазақ тілінде, 27 пайызы орыс тілінде тапсырса, 323 рет ағылшын тілінде тапсыру жағдайы тіркелді;
  • шекті балл: Қатысушылардың 67 пайызы шекті балды жинады;
  • орташа балл: Бес пән бойынша орташа көрсеткіш 64 балды құрады;

Максималды нәтиже: Тестілеудегі ең жоғары – 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытқа дейін ҰБТ-ға осы санаттағы 556 талапкер қатысты.

Апелляция тәртібі

Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Ал техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін үміткерлердің жеке кабинеттерінде қолжетімді болады.

391 ереже бұзушылық анықталды

Министрліктің мәлімдеуінше, ҰБТ өткізудің төрт аптасында 391 ереже бұзушылық анықталған:

  • 246 талапкер смартфон, смарт көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуге жіберілмеді;
  • 145 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Ведомство өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталмағанын нақтылады.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін барлық бейнежазбаға талдау жүргізіледі. Тексеріс барысында тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, талапкердің ҰБТ нәтижелері біржола жойылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз