Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындыққа арналған ақылы байқау сынақтарының базасы жаңартылды. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау сынағынан өту үшін жеке кабинетке кіру керек.
"ҰБТ-ға дайындыққа арналған ақылы байқау сынақтарының базасын жаңарттық. Байқау сынағынан өту үшін app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетіңізге кіру керек. "Байқау сынағы" бөлімін таңдап, тестілеу мүмкіндігін сатып алу батырмасы арқылы төлем жасалады", – делінген хабарламада.