Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті тұрғындарға қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.
"17-18 қаңтарда жауын-шашын мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты Алматының Үлкен және Кіші өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін", – деп жазылған хабарламада.
Алматылықтар мен облыс тұрғындарына қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шықпауға кеңес берілді.
Оқи отырыңыз: Қар қалыңдығы 1,5 метр: ШҚО-да қар құрсауында қалған жүкті әйелді құтқарушылар ауруханаға жеткізді
USD:
481.9 / 484.9
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.81 / 6.01