USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

"Түрмеде отырып басқарған". Шымкентте жалған студенттер арқылы миллиардтаған қаржы жымқырылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Шымкенттегі екі колледж бюджет қаржысын заңсыз алған.

Қаржы мониторинг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті білім беру саласындағы ірі қылмыстық схеманы әшкереледі.

Тергеу мәліметінше, "Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" ЖШС мен "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі" ЖШС-не қатысы бар колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де тұлғалар мемлекеттен 1,3 млрд теңге жымқырған.

ҚМА дерегіне сәйкес, 2018–2023 жылдар аралығында колледждердің құрылтайшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырған. Қылмыстық схемаға оқу орындарының басшылары, бухгалтерлері және басқа да байланысы бар адамдар қатысқан.

"Тергеу барысында "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі" іс жүзінде жұмыс істемегені, тек бюджет қаражатын алу үшін формалды түрде ашылғаны анықталған. Схема бойынша студенттер оқу орындарына ресми түрде қабылданғанымен, шын мәнінде білім алмаған. Осылайша күдіктілер мемлекеттік білім беру тапсырысы мен кадрларды қайта даярлау бағдарламалары арқылы бюджеттен қаржы алып отырған", – делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, схеманы ұйымдастырған адам бұған дейінгі жымқыру фактісі үшін кейінгі үш жыл бойы түрмеде отырғанына қарамастан, заңсыз әрекеттерді қашықтан басқарған.

Тергеу кезінде күдіктілер 65 млн теңге көлеміндегі шығынды ерікті түрде өтеген.

Сот шешімімен күдіктілердің үш пәтеріне, соның ішінде Дубай қаласындағы пәтеріне, сондай-ақ үш тұрғын үйі мен үш автокөлігіне тыйым салынды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау