USD: 469.1 / 471.9
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Түркиялық инвестор Шымкентте кілем бұйымдарын шығаруға мүдделі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түркиялық инвестор – Milat Hali компаниясының директоры Искандер Капланды қабылдады.

Кездесуде елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыс талқыланып, үшінші мегополистің мүмкіндіктері жан-жақты айтылды. 

Сондай-ақ, аталған компания құрылтайшылары ынтымақтастықты одан әрі арттыру мақсатында Шымкентте кілем және кілем бұйымдарын өндіруді іске асыруға мүдделі екендерін жеткізді. Инвестициялардың жоспарланған сомасы – шаршы метріне 10 млн АҚШ доллары. Жоба жүзеге асқан жағдайда жаңадан 300 жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. 

"Шымкенттің әлеуеті өте жоғары. Шаһарға инвестиция салушылардың қатары күннен-күнге артып отырғаны бізді қуантады. Халыққа пайдалы болатын әрбір жобаны қашан да қолдауға дайынбыз", – деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Ал компания директоры Искандер Каплан өндірістің қала экономикасындағы экспорт үлесін арттыруға септігін тигізе отырып, жергілікті халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына басымдық беретінін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз