Қонақтарға қымызбен қатар, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.
Түркия астанасы Анкара қаласында алғаш рет қазақтың ұлттық сусыны қымызға арналған іс-шара өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі. Шараны ұйымдастыруға Түркиядағы ҚР елшілігі, ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымы және Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болған.
Ақпарат агенттігінің жазуынша, іс-шара Kazak obası деп аталатын аймақта өтіп, мұнда киіз үй тігіліп, қазанға арналған ошақтар қойылған.
"Түркиядағы мереке бие сауып, дәстүрлі сусынды дайындаумен есте қалды. Ұйымдастырушылар адамдарға қымыздың пайдасын түсіндіріп, аттарды жайлауға жаю құпияларымен бөлісті. Ал кілем тоқудың ұлттық техникасы бауырлас түрік халқында ерекше қызығушылық тудырды", – деп жазды ҚазАқпарат.
Қонақтардың қатарында жергілікті тұрғындар, саясаткерлер мен Түркия өнер қайраткерлерімен болған. Оларға Түркияның жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер достарына ұлттық тағамдар, салт-дәстүр туралы әңгімелеген. Сондай-ақ, қымыз мерекесінде әр киіз үйде дастархан жайылып, қонақтарға дәстүрлі қазақ тағамдары, оның ішінде ет пен палау ұсынылып, сыйлы қонаққа бас тартылды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
252
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
260
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
242
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
251
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
266
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
252
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
256
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
255
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
227
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
228
-
1
-
5
-