Қазақ боксшы, әлем чемпионы Қанат Исламның атындағы бокс мектебі Түркияның Ыстанбұл қаласында ашылады. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы арнаулы өкілі Ержан Уәйіс хабарлады.
Түркияға іссапармен барған Қанат Ислам Анкара қаласында Қазақ елшісі Еркебұлан Сапиевтің қабылдауында осы бастамасы туралы мәлімдеген.
Сондай-ақ, биыл жазда Түркияда халықаралық бокс сайысы өтетіні және оған АҚШ, Қытай, Ресей, Куба, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және тағы басқа елдерден белгілі кәсіпқой боксшы қатысатыны белгілі болды. Бұл кешті Қазақстан қолға алып отыр.
Еске салайық, Қанат Ислам Шыңжаңның Алтай өңірінде 1984 жылы өмірге келген. ҚХР ұлттық құрама командасы құрамында Пекин олимпиядасының қола жүлдегері. Чикагода өткен әлем чемпионы және Азия ойындарының қола жүлдегері, Қытайдың 10 дүркін чемпионы. 2010 жылы азаматтығын ауыстырған. Атамекені Қазақстанға көшіп келіп, "Астана арландары" кәсіби клубының мүшесі болып, 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы. Нельсон промоутерлік клубы атынан шығып, 12 жекпе жек өткізіп, оның 10 жекпе жегін нокаутпен жеңіске жеткен. Лақап аты – "Қазақ".
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар қандай спорт түрлеріне қызығады?