Түркістан облыстық балалар ауруханасында екі дана жалпақ түйме-батареяны жұтып қойған тоғыз айлық сәбиге шұғыл ота жасалды. Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыр жағдайда Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілген сәбиді тексеру барысында дәрігерлер оның екі батарея жұтып қойғанын анықтады. Мамандар шұғыл түрде операция жасап, оның біреуін ғана алып шыға алды. Екінші батарея бұл уақытта ішекке өтіп кеткендіктен, дәрігерлер пациенттің жағдайын бақылауда ұстауды жөн көрді. Арада бірнеше күн өткенде бөгде зат табиғи жолмен сыртқа шықты.
Операциядан кейін тоғыз айлық нәресте үш тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты.
"Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты", – деп хабарлады Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Оқи отырыңыз: 30 қыркүйекте Қазтест тапсыруға өтінімдер қабылдау басталады
Дәрігерлер батареяны жұтып қою бала ағзасына ауыр зақым келтіруі мүмкін екенін ескертті.