15 тамыз – қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Түркістан қаласындағы "Ақжайық" өнер мектебінде ұлы композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Тағзым шарасы барысында Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртістері композитордың таңдаулы әндерін орындап, көпшілікке ерекше музыкалық тарту жасады.