Тікелей эфир

Түркістан қаласында жолақы қымбаттайды

Электронды төлем 70 теңге болса, қолма-қол төлем 100 теңгені құрайды.

Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, қалада жолаушылар тасымалы төлемақысының сараланған жүйесі енгізіледі. 

Оған сәйкес, жолақы:

  • электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 70 теңгені; 
  • ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 теңгені құрайды. 

Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Түркістан облысы жолақы мөлшері ең төмен өңірлердің бірі. Қазірге дейін Түркістан қаласында жолақы мөлшері 50 теңгені құрап келді. Еске салайық, 2019 жылы қаладағы жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелер жолақысын 70 теңгеге дейін көтеруді сұраған болатын. Алайда, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесі жақын уақытта жолақы бағасы өспейтінін мәлімдеген.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 13 елді мекен таратылады


Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 17 қарашаға дейін. 

Серіктестер жаңалықтары