USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Түркістан обылысында жалдамалы бақташы иесінің 13 бас малын сатып жіберген

Бақташы мал сатудан тапқан ақшасын жаратып үлгерген.

Түркістан облысының Қазығұрт аудандық полиция бөліміне шағымданған сеніп тапсырған жеті бас сиыры мен алты бас жылқысын бақташысының ұрлағанын айтты, деп хабарлады Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, жәбірленушіге 4 млн теңгеден астам шығын келген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша тіркеуге алды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру кезінде күдікті ер адамның екі жылдан бері жәбірленушінің бақташысы болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол сеніп тапсырған сиыр мен жылқыны сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Шымкентте мешітте намаз оқушының телефонын қолды қылған ұрлықшы ұсталды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау