USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Түркістан облысының үш ауылын сумен қамтитын канал бөлігі қайта іске қосылды

Жөндеу-құрылыс жұмыстары 3 күнге созылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Келес ауданындағы диқандардың су мәселесі шешілгенін хабарлады. Ауданға қарасты Солтүстік Ташкент каналындағы тоспалы су құрылымында болған апат салдары жойылып, бүгін су қайта беріле бастады. 

Солтүстік Ташкент каналы Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алады. СТК каналы Өзбекстан Республикасы теңгерімінде. Қазақстан Республикасы аумағынан 19,2 шақырымы ағып өтеді. Келес ауданының Жүзімдік, Бірлесу және Ақтөбе ауылдық округтерінің жалпы 2922 гектар егіндік жерлерін сумен қамтиды. 

Солтүстік Ташкент каналы. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жүзімдік ауылдық округі аумағынан өтетін Солтүстік Ташкент каналындағы тоспалы су құрылымында (сарқырама) биыл 9 наурызда апатты жағдай болды. Жөндеу және құрылыс жұмыстары қолға алынды. Өзбекстан Республикасының "Боз-су" ирригация мекемесімен бірлесіп, биылғы жылдың 31 наурызында құрылыс жұмыстары басталып, 2 сәуір күні толық аяқталған. Жөндеу-құрылыс жұмыстарында құйылған бетон қаптамалары ағын су өткізуге 2024 жылдың 5 сәуір күні толық дайын болды. 

Шаруаларға су беріліп, мәселе шешілді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау