Түркістан облысында 27 жастағы азамат өртеніп жатқан ғимараттың шатырына шығып, мемлекеттік туды тілсіз жаудан қорғап қалды, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Мұхаммед Қансейіт есімді азамат қара түтінге қарамастан өмірін қатерге тігіп, отқа оранған нысанның үстіндегі көк байрақты шешіп, төменде тұрған адамдарға ұстатқан. Өрт Ақсукент ауылындағы Жұмыспен қамту орталығы мен дүкен орналасқан бір қабатты ғимараттың шатырынан шыққан.
Арнаның хабарлауынша, Мұхаммед Қансейіт – дәл осы жұмыспен қамту орталығының қызметкері. Үйленген, төрт айлық баласы бар.
"Көк ту мен Елтаңбамызды алып шықтым. Көк туымызды көрші тұрған мекемеге өтіп, сол арқылы өзіміздің шатырымызға шығып, өрт болып жатқан жерден алып шықтық. Әрбір азамат мұндай әрекетті істеуі тиіс деп ойлаймын", – дейді ол.
Оқи отырыңыз: