Тікелей эфир

Түркістан облысында жүк көлігімен келін әкелгендер жазаланды

Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған көліктерді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді.

Түркістан облысында жүк көлігімен келін әкеліп, кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды, деп хабарлайды полиция департаменті. 

"Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат 00:30 шамасында ауыл көшелерінің бірінен мемлекеттік белгісін тақпай, арнайы жарық шамдарын тағып, қатарласып жүрген автокөліктерді анықтады. Арасында жүк көлігі бар құқық бұзушылардың той кортежін ұйымдастырып, келін әкеле жатқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған көліктерді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Жаңа түскен келінге көрімдігін беріңіз". Беташардың мәні неде?


Оның ішінде VOLVO FH жүк көлігінің жүргізушісіне авариялық жағдай туғызғаны, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамай өткені, мемлекеттік тіркеу нөмірі болмағаны, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін 5 хаттама толтырылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары