ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС 12 наурызда Астана уақытымен 06 сағат 15 минутта жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 684 км жерде орналасқан. (Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 км қашықтықта). Оның қуаты Келес ауданының Абай ауылында 3 балл, Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында 3 балл болған.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.
Еске салайық, 11 наурызда Жетісу облысында жер сілкінген болатын. Жаркент қаласында оның қуаты 2 балл болды.
Оқи отырыңыз: Түнде Жетісу облысында жер сілкінді
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07