Тікелей эфир

Түркістан облысында тамақтану қызметтерінің бағасы 37% қымбаттады

Аталған өңірде асхана қызметтері бірден 68,6% қымбаттаған.

Мейрамхана мен қоғамдық тамақтану орындарының жалдамалы ақысы бір жылда 3% қымбаттады. Алайда кей өңірде бұл көрсеткіш – 10%, ал тағы бір қалаларда 1,5 есе өскен, деп хабарлайды Energyprom.kz сайты. 

Қазан айының қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану орындарының қызметі бір айда – 1%, ал бір жылда 8,8% қымбаттаған.

Ең қымбат баға келесі өңірлерде тіркелді:

  • Ақмола облысы – 4,1%;
  • Түркістан облысы – 3,8%;
  • Қызылорда облысы – 3,2%.

Республика бойынша 17 өңірдің жетеуінде баға сол күйінде қалды. Бір жыл ішінде Түркістан облысында тамақтану орындарының қызметі бірден 37% қымбаттаған. Сондай-ақ, астанада – 11,4%, Солтүстік Қазақстанда 11% қымбаттады. Ал Батыс Қазақстанда керісінше бұл қызметтің бағасы 1,2% ғана өсті. 

  • қоғамдық тамақтану объектілерінің ішінде асхана қызметтері – 10,7%;
  • жылдам қызмет көрсету ұйымдарының қызметі – 10,3%;
  • дәмхана мен мейрамхана қызметтері – 6,2%;
  • мейрамханадағы түскі ас – 6,7%;
  • кофе мен шай 5,1% қымбаттады.
  • мейрамхана мен дәмхана қызметтері келесі өңірлерде қымбаттады:

Жылдам қызмет көрсету ұйымдары қызметі келесі өңірлерде қымбаттады:

  • Түркістан облысы – 28%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 2,4%.

Асхана қызметтері Түркістан облысында бірден 68,6% қымбаттады. Мейрамхана жалдау ақысы – 4,5%, 3,3 мың теңгеге дейін, асхана – 2,8%, 1,4 мың теңгеге дейін, дәмхана – 2,1%, шаршы метріне 3 мың теңгеге дейін өсті.

Серіктестер жаңалықтары