Тікелей эфир

Түркістан облысында тағы бір ауыл таратылады

Нұра ауылы Бәйдібек би ауданында орналасқан.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Нұра елді мекені тарату жөніндегі Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

"Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Нұра елді мекені таратылсын және статистикалық есепті дерекқордан шығарылсын", – делінген құжат жобасында. 

Ашық деректерге сүйенсек, ауыл тұрғындарының саны 200-ге жетпейді. 


Оқи отырыңыз: "Ауыл тірлігінің ауырлығы жас күнде білінбейді". Түркістан облысы әйелдерінің әлеуметтік портреті


 

Серіктестер жаңалықтары