Қылмысқа қатысы бар делінген 5 күдікті ұсталды.
Сарыағаш ауданында жергілікті шенеуніктің тәуелсіз журналисті өлтіруге тапсырыс бергені анықталды. Ол журналистің өмірін 5 миллион теңгеге бағалаған.
3 қаңтар күні Сарыағаш ауданындағы дүкендердің бірінде түнгі сағат 23.00 шамасында жендет журналистің ұлына оқ атқан. Дәрігерлер 31 жастағы ер адамға ота жасап, оны аман алып қалды.
"Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша іс қозғалып, полиция қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді.
"Қылмысты ашу кезінде бірнеше нұсқаны негізге алдық. Соның бірі – бұл қылмыстың журналистің кәсіби қызметімен байланысты болуы. Кейін осы нұсқа расталды. Жедел-іздестіру кезінде Шымкент қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Олар оқ атып, оқиға болған жерден қашып кеткен", – деді полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.
Күдіктілер ұсталған соң арнайы тапсырманы орындағанын мойындады.
"Қазір осы қылмысқа қатысы бар делінген 5 күдіктіні ұстадық. Олардан заттай дәлел ретінде ВАЗ (2107/21110) маркалы 2 автокөлік тәркіленді. Бұл автокөліктерді қылмысқа тапсырыс берген адамның ақшасына алған. Сондай-ақ, олардан 16 калибрлі патрондар тәркіленді", – деді полиция департаментінің басшысы.
Жедел-іздестіру шарасы кезінде қылмыскерлердің ізін жасыру үшін Сарыағаш ауданынан Шардараға, кейін Арыс қаласы арқылы Шымкентке барғаны белгілі болды. Сондай-ақ, журналисті өлтіруге Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірі – жергілікті шенеуніктің тапсырыс бергені анықталды. Ол журналистің өмірін 5 миллион теңгеге бағалаған.
"Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот оларды қамауға алуға санкция беріп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Қайрат Дәлбеков.
Еске салсақ, жаппай тәртіпсіздік кезінде тұтқындалғандардың мыңнан астамының әлі қамауда отырғаны туралы хабарлаған едік. 1 653 іс бойынша сот айыппұл салды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇨🇳 Сыртқы істер министрлігі: Қытаймен визасыз режим 2-3 айдан соң енгізіледі
-
353
-
0
-
2
-
-
2🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
376
-
0
-
1
-
-
3👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
303
-
0
-
0
-
-
4🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
293
-
1
-
2
-
-
5🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
297
-
0
-
0
-
-
6🦛🦒 Қазақстанда қандай жануарларды спорт жарыстарына қатыстыруға болады?
-
294
-
0
-
0
-
-
7🔠 Түркі елдеріне ортақ әліпби: Қазақстан ғалымдары бұған не дейді?
-
286
-
0
-
3
-
-
8📝 Тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдаған Торанғалық ауылы таратылмақ
-
311
-
0
-
0
-
-
9🪖 Әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады
-
327
-
0
-
0
-
-
10🕌 Қазақстан имамдары жұма мен тарауық намаздарын бірізді оқуға үндеу жасады
-
303
-
0
-
4
-