Түркістан облысының Ордабасы ауданында Бөген су қоймасының маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде қола дәуіріне тиесілі әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар және қару-жарақтар табылды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Белгілі археолог А.Н. Подушкин жетекшілік еткен ғылыми экспедициялық қазба жұмыстары нәтижесінде 60-40 мыңжылдық кезеңіне жататын тас құралдар, алтынмен көмкерілген әшекейлер, қоладан жасалған білезіктер мен тұрмыстық бұйымдар, жауынгердің қару-жарақтары, ортағасырлық мыс тиындар табылды. Мамандардың айтуынша, бұл – Орталық Азия тарихы үшін тың жаңалық, себебі мұндай жәдігерлер алғаш рет Орта Азия бойынша Ордабасы аумағынан табылып отыр", – делінген ресми хабарламада.
Табылған бұйымдардың бәрі ғылыми тұрғыда зерттеліп, "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің қорына өткізіледі.
Бұл жұмыстар Ордабасы өңірін ежелгі өркениет пен мәдениеттің маңызды орталығы болғанын айғақтайды.
lw-3094948329-1
USD:
508.1 / 513.1
EUR:
594.0 / 600.0
RUB:
6.43 / 6.55

