USD: 487.9 / 490.7
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Түркістан облысында бір жасар бала дәретхана шұңқырына түсіп кетті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Құтқарушылар шұңқырға құлаған баланы аман алып шықты.

Түркістан облысының Темірлан ауылы ауылында бір жасар бала жекеменшік үй ауласындағы дала дәретханасының шұңқырына құлап кеткен, деп хабарлайды ТЖМ. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 қызметіне 2025 жылы туған баланың дәретхана шұңқырына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткенге дейін ересектер баланы өз күштерімен шығара алмаған.

"Шақырту бойынша оқиға орнына жедел жеткен Түркістан облыстық ТЖД құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен баланы абайлап шығарып алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, бүлдіршінге қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Осыған байланысты ТЖМ ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырып, ауладағы қауіпті нысандардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз