Түркістан облысында бір отбасының үш адамы иіс газынан уланып, ажал құшты

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Үй иелері көмір жағып ұйықтаған кезде үй ішіне улы газ тараған.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылында бір отбасының үш мүшесі ыстан уланып, қаза болды. Қайғылы оқиға түнде пеш жағылған үйде болған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Алдын ала мәлімет бойынша, 37 жастағы жалғызбасты ана Раушан Ахметова кәмелетке толмаған екі ұлымен бірге көмір түтінінен уланған. Таңертең олар оянбай қалған. Марқұмның жетінші сыныпта оқитын үлкен ұлы ғана аман қалып, ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы тұрақты, амбулаториялық емге жіберілді.

Көршілерінің айтуынша, үйде пештің ақауы болған. Олар бұл мәселені бірнеше рет ескерткен, алайда нақты шара қолданылмаған. Үй иелері көмір жағып ұйықтаған кезде үй ішіне улы газ тараған.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның басты себебі – үй мұржасының тазаланбауы екенін мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз