Қария жыртқыш аңды бір жылдан бері асыраған екен.
Түркістан облысы тұрғынының үйінен арыстанның күшігі табылды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
70 жастағы қария жыртқыш аңды бір жылдан бері асыраған екен. Ауласын хайуанаттар бағына айналдырған азамат темір торға құстарды да қамап қойған.
Олардың арасында бүркіт, үкі, сұңқар бар. Ер адамның жануарларды қайдан әкелгені әзірге белгісіз.
Қызыл кітапқа енген аң-құсты үйінде ұстаған зейнеткердің кінәсі дәлелденсе үш жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе 25 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.
Жануарлар мен құстар Шымкенттегі зообаққа тапсырылды.