Тікелей эфир

Turkistan арнайы экономикалық аймағының атауы өзгереді

Ол енді Turan АЭА деп аталады.

Түркістан облысымен бірге құрылған Turkistan арнайы экономикалық аймағының атауын өзгерту жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының Түркістан облысының аумағында Түркі мемлекеттері үшін АЭА құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында АЭА атауы Turan болып өзгертілмек.

Turan арнайы экономикалық аймағының жер көлемі 4622,39 гектарға дейін артады.

Turan арнайы экономикалық аймағының аумағы 4622,39 гектарға тең

Еске салайық, арнайы экономикалық аймақ құрамына келесі 6 субаймақ кіреді:

  • ауданы 861,75 гектар тарихи орталық,
  • ауданы 1578,64 гектар әкімшілік іскерлік орталық,
  • ауданы 1000 гектар, 35 гектар және 180 гектар өнеркәсіптік аймақтар;
  • ауданы 967 гектар әуежай.

Оқи отырыңыз: Түркістан: "Керуен сарайда" күніне 1000 доллар табыс табуға болады


Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 13 шілдеге дейін. 

Серіктестер жаңалықтары