Туристік маусым – 2025: Рас-эль-Хайма интеллектуалды экожүйе құрады

Фото: Рас-эль-Хайма әмірлігінің Туризмді дамыту жөніндегі департаменті
Фото: Рас-эль-Хайма әмірлігінің Туризмді дамыту жөніндегі департаменті
Әмірлік өз қонақтарына заманауи технологиялар көмегімен туристік қызметтер көрсетуді жоспарлап отыр.

Arabian Travel Market 2025 көрмесінде Рас-эль-Хайма әмірлігінің (БАӘ) Туризмді дамыту жөніндегі департаменті мен қытайлық Huawei компаниясы стратегиялық серіктестікті кеңейтетінін мәлімдеп, Әріптестік туралы меморандумға қол қойды. 

Бұл құжат туризм саласына инновацияларды енгізуге, әмірлік қонақтарына заманауи технологиялар көмегімен туристік қызметтер көрсетуге бағытталған. 

Тараптар Рас-эль-Хаймада кешенді және интеллектуалды туристік экожүйе құруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, бұл әмірлікте Huawei өзінің роумингке арналған SkyTone, көрнекі орындарды аралауға арналған Petal Maps, саяхатты жоспарлауға көмектесетін AI Assistants және контентті бөлісуге мүмкіндік беретін Huawei Share жетекші технологияларын енгізбек. 

"Біздің бұған дейінгі әріптестігіміз Қытайдың қарқынды дамып келе жатқан нарығында жұмысымызды жақсартуға көмектесті. Енді жаңадан қол қойылған меморандум түрлі бағыттарда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Олардың қатарында инновациялық технологияларды ендіру, әмірлікті шетелде таныту, туристерге қолайлы экожүйе құру және басқалар бар", – деді Рас-эль-Хайма Туризмді дамыту жөніндегі департаментінің басшысы Раки Филлипс. 

Меморандум аясында Huawei Рас-эль-Хайманы өзінің Travel X имидждік кампаниясына қосып, бүкіл Қытай бойынша өзінің жетекші дүкендерінде Go To Ras Al Khaimah Route арнайы бағдарын таныстырады. 

Еске салайық, 2024 жыл қорытындысы бойынша Рас-эль-Хаймаға барған туристерінің саны жөнінен Қазақстан екінші орынды иеленді. Барлығы бұл жылы әмірлік 1,28 миллионнан астам қонақ қабылдаған. Рас-эль-Хайма туризмді дамыту департаментінің мәліметінше, соңғы 5 жылда Қазақстан әмірліктің туризмінің дамуына үлкен үлес қосып келеді. 


Оқи отырыңыз: Рас-эль-Хайма әмірлігі Алматыда туристік жобаларын таныстырды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары