"TURGYNDAR AMANATY": Атырауда тұрғын үй саласын жаңғыртудың нақты қадамдары айқындалды

Атырауда "TURGYNDAR AMANATY" жобасы аясында партияның ұйымдастыруымен өңірлік форум өтті.

Іс-шара тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын маңызды диалог алаңына айналды.

Форумға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, "AMANAT" партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов және сала өкілдері қатысты.

Ержан Жылқыбаев жобаның көпқабатты үйлерді басқаруды жетілдіруге және тұрғындардың қатысуын арттыруға бағытталған тиімді тетік екенін атап өтті. Оның айтуынша, басты міндет – мәселелерді жүйелі түрде шешу. Осыған байланысты МИБ және ПИК төрағаларын оқыту, кері байланысты күшейту, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасын енгізу және белсенді азаматтардан кадрлық резерв қалыптастыру жоспарланған.

Дүйсенбай Тұрғанов тұрғын үй саласындағы реформалар меншік иелерінің рөлін күшейтіп, басқару ашықтығын арттыруға бағытталғанын айтты. Енді тұрғындар басқару нысанын өздері таңдап, тарифтерді бекітіп, қаржының жұмсалуын бақылай алады.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев өңірде су жүйесін цифрландыру, апатты үйлерді көшіру және электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. 801 үйге су есептегіш орнатылып, су тұтыну 7%-ға азайды, 624 пәтер жаңа баспанаға көшірілді.

Форум қорытындысында Серік Шәпкенов тұрғындар мен басқарушы ұйымдар арасындағы байланысты күшейту үшін фронт-офис құруды ұсынды. Нәтижесінде саланы дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар қабылданып, белсенді азаматтар марапатталды.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз