Қазақстан құрылысшылар одағы үй бағасы 25-30 пайызға дейін артады деген болжам жасап отыр.
Қазақстанда тұрғын үй бағасы қазірден бастап қымбаттап жатыр. АҚШ валютасының бір апта ішінде 70 теңгеге өсуі Қазақстандағы баспана бағасына әсер етті. Мәселен, жаңа үйлердің құны 5-7 пайызға өссе, ескі үйлерді сату бойынша хабарландырулар саны сиреген. Сол секілді бірқатар құрылыс компаниялары да пәтер саудасын тоқтатып отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Арна тілшілерінің дерегінше, былтыр 10-11 миллион теңге тұрған 1 бөлмелі пәтердің бағасы қазір 15 миллионға дейін көтерілген. Меншік иелері доллар бағамын бақылауға алып, екінші нарықтағы үйлерді сатылымнан бірте-бірте алып жатыр.
Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев жаңадан салынған және әлі салынып бітпеген үйлер 25-30 пайызға дейін қымбаттайды деген болжам жасады. Себебі, құрылыс материалдарының басым бөлігі шетелден әкелінеді. Тиісінше, доллардың бағамына тәуелді.
"Кез-келген құрылыста материалдың 55-60 пайызы шетелден алынады. Олардың құны енді тағы қымбаттайды", – дейді Талғат Ерғалиев.
Оқи отырыңыз:
- "Шаңырақ", "Ұмай", "Жас отбасы". 2022 жылы баспаналы болудың жеті жолы
- Қазақстанда 5 пайыздық ипотекаға қалай қол жеткізуге болады?
Теңгенің құнсыздануынан Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 3 жарым пайызға көтерген. Енді тұрғын үйді несиеге рәсімдегенде қарыздың пайыздық мөлшерлемесі де артады. Тиісінше, пәтер сатып алуға мүмкіндігі бар адамдар қатары азаяды. Жылжымайтын мүлік агенттігінің басшысы Ғалым Ысқақов ипотеканың қымбаттауы оған деген сұранысты төмендететінін айтып отыр.
"Доллар курсы өзінің орнына түсіп, тоқтағаннан кейін ғана баға төмендейді. Неге десеңіз, ипотека қымбат болған соң, адамдар несие ала алмай, сұраныс азаяды. Сұраныс азайса, үй бағасы да түседі", – дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің басшысы Ғалым Ысқақов.
Оқи отырыңыз:
- "Бір аптада баспаналы болдық": Әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы несімен ұтымды?
- Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
287
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
262
-
0
-
4
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
244
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
249
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
245
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
248
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
241
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
241
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
237
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
243
-
0
-
0
-