Прямой эфир Новости спорта

"Тұран барысы" Түркістанда өтеді

Турнирге Қазақстаннан бөлек, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан балуандары қатысады.

29 қазанда қазақ күресінен "Turan Barysy" Азия кубогы тұңғыш рет Түркістан қаласында өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Турнирдің мақсаты – ұлттық спортты дамыту. Оған Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысады. 

Кубок "командалық бетпе-бет" олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді. Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдеседі. 

Турнирді Qazsport пен TRT Avaz телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 


Оқи отырыңыз: Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Фоторепортаж


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары