Қазақстанның басым бөлігінде түнде үсік жүреді.
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының бір бөлігі антициклонның ықпалында болады.
"Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, екпінді жел соғады.Тек солтүстік антициклонның ықпалымен еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Көптеген өңірлерде тұман күтіледі", – деп жазылған хабарламада.
Синоптиктердің болжамы бойынша, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде үсік болып, ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.
Оқи отырыңыз: "Шілдеде" неге қырық күн? Қазақ халқының ауа райы болжамдары.
USD:
506.1 / 508.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63