Балалар арасында сырқаттану көрсеткіші 1,5 есе артса мектептерде шектеу шаралары енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ашық диалог порталындағы блогында бір сыныпта балалар арасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану көбейгенде қандай жағдайда сабақтар қашықтан оқытуға көшетінін айтты.
ЖРВИ, тұмаумен сырқаттану көрсеткіші апта сайынғы бақылау деңгейінен асып кетсе, алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 есе немесе одан да көп болса, мектептерде шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі "2022-2023 жылдардағы эпидемиялық маусымға тұмау мен ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру туралы" №30 қаулысында жазылған.
"Бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылардың 20-30%-ы ЖРВИ-мен ауырса күнтізбелік он күн ішінде жалпы білім беру ұйымдарында жаңа балаларды сабаққа қабылдауға тыйым сала отырып, кабинетте оқытудан бас тарту ұсынылады. Ал сырқаттанған балалардың үлесі 30% және одан да көп болса, онда оқушылар 10 күнтізбелік күнге онлайн оқытуға көшіріледі. Сауығып кеткен оқушылар офлайн оқуға ауыстырылады, ал ауру белгілері бар балалар сауығып кеткенше онлайн оқиды", – деп жазды министр.
Оқи отырыңыз: "Әр үшінші бала ауырып жатыр". Тұмаудың қауіпті белгілері қандай?
Алматыда өткен аптада 17 739 ЖРВИ дерегі тіркелді. Олардың басым бөлігі балалар – 64%.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
449
-
0
-
2
-
-
2Бүгін жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады 🚗
-
455
-
2
-
1
-
-
3Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады
-
411
-
0
-
2
-
-
4Жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдау аяқталды ма?😢
-
400
-
1
-
2
-
-
5ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?
-
402
-
0
-
2
-
-
6Тоқаев Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажет шараны қабылдауды тапсырды
-
358
-
1
-
2
-
-
7autonesie.kz сайтына алғашқы бір минутта 125 мың адам кірген
-
349
-
4
-
3
-
-
8👨👩👦 Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек
-
353
-
0
-
4
-
-
9Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
-
326
-
4
-
2
-
-
10Абай облысында жолаушылардың толық шыққанын күтпей, жүріп кеткен автобус жүргізушісі айыппұл төлейді
-
312
-
0
-
2
-