"Тұмар" және "Үркер" ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды

Иллюстрация: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Иллюстрация: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Биыл байқауда журналистикадағы жаңа технологияларға да ерекше назар аударылады. Жасанды интеллект саласындағы үздік жобаға арналған номинация алғаш рет енгізіліп отыр.

"Тұмар" және "Үркер" ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды. Биыл екі сыйлыққа да 10 жыл толып отыр. Мерейтойлық іс-шара Qazaqstan Media Awards аясында өтеді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылатын байқауға республикалық және өңірлік телеарналар, радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Конкурсқа 2025 жылғы 18 қыркүйек пен 2026 жылғы 18 қыркүйек аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар қабылданады. Оған қазақстандық БАҚ журналистері, тележүргізушілер, медиажобалардың авторлары мен жасаушылары, редакциялар және шығармашылық ұжымдар қатыса алады. Биыл байқауда журналистикадағы жаңа технологияларға да ерекше назар аударылады. Жасанды интеллект саласындағы үздік жобаға арналған номинация алғаш рет енгізіліп отыр.

Өтінімдер 18 қыркүйек пен 2 қазан аралығында QMA.kz сыйлығының ресми сайтында қабылданады. Байқау екі негізгі бағыт бойынша өтеді.

Телевизиялық журналистика:

  • үздік тележүргізуші;
  • үздік телевизиялық материал (репортаж, сұхбат);
  • үздік телесериал;
  • үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама;
  • үздік деректі жоба;
  • қоғамдық жауапкершілік саласындағы үздік жоба ("Заң мен тәртіп", "Таза Қазақстан").

Баспа, интернет және радио журналистикасы:

  • жылдың үздік журналисті;
  • жылдың үздік материалы (сұхбат, репортаж, мақала);
  • үздік талдамалық материал;
  • үздік медиажоба (YouTube, подкаст);
  • үздік радиожоба;
  • журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба.

Конкурстық жұмыстарды белгілі журналистер, медиа саласының сарапшылары мен еңбек сіңірген қайраткерлерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау