Тұман түсіп, жел күшейеді: синоптиктер 26 тамызға болжам жасады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Бірқатар өңірде жаңбыр жауады.

Синоптиктер Қазақстан бойынша 26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Дегенмен кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бірқатар қалада жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Алматыда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +14...+16°C, күндіз +27...+29°C аралығында.

Астанада да жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11...+13°C, күндіз +25...+27°C болады.

Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +23...+25°C.

Павлодарда түнде +9...+11°C, күндіз +25...+27°C болады. Талдықорғанда түнгі температура +8...+10°C шамасында болса, күндіз +26...+28°C-қа дейін көтеріледі.

Ақтөбеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +29...+31°C.

Атырауда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +31...+33°C болады.

Семейде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +23...+25°C күтіледі.

Өскеменде бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Түнде +12...+14°C, күндіз +20...+22°C болады.

Ал ең ыстық ауа райы Қызылорда мен Түркістанда болжанып отыр. Бұл қалаларда күндіз ауа температурасы +33...+35°C-қа дейін жетеді.

Ақтауда күндіз +30...+32°C, Жезқазғанда +28...+30°C, Көкшетауда +28...+30°C, Қонаевта +28...+30°C, Қостанайда +30...+32°C, Петропавлда +28...+30°C, Таразда +29...+31°C, Оралда +26...+28°C болады.

Қостанай, Петропавл және Таразда күндіз екпінді жел соғуы мүмкін. Түркістанда да екпінді жел күтіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау