Тұман түсіп, жел күшейеді: 17 наурызда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay
Батыс аймақтарда жел екпіні артып, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

17 наурыз күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК синоптиктері. 

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің басым бөлігінде кең антициклон ықпалы сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, негізінен жаңбыр жауады.

Сонымен қатар республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі байқалады. Батыс аймақтарда жел екпіні артып, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, синоптикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты кей өңірлерде көру қашықтығының төмендеуі және желдің күшеюі ықтимал. Сондықтан тұрғындарға жолда және ашық аумақта сақ болу ұсынылады.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз