USDUSD: 516.5 / 518.9
  • EUREUR: 583.0 / 587.0
  • RUBRUB: 6.11 / 6.23
Тікелей эфир
Алматы +16C
Все города

Тұман, аяз, жел: синоптиктер бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Ақтауда жаңбыр жауып, екпінді жел 9-20 м/с.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17 ақпанға Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды.

Астанада құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады, бұрқасын болады. Жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с. Ауа температурасы түнде -9...-11°C, күндіз -3...-5°C.

Алматыда жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз 0...+2°C.

Шымкентте күн бұлтты, құрғақ. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +7...+9°C.

Ақтауда жаңбыр жауып, екпінді жел 9-20 м/с. Температура +3…+5°C.

Ақтөбеде қар жауып, жаңбыр жауып, жел 20 м/с-қа дейін жетеді. Температура -4…-6°C.

Атырауда күн бұлтты, жауын-шашын, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -1...-3°C.

Қостанай мен Петропавлда қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде -6...-14°C, күндіз -1...-4°C.

Павлодар, Семей қалаларында жауын-шашынсыз, жел 2-10 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-19°C, күндіз -3...-8°C.

Қызылорда, Тараз, Түркістан қалаларында күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +4...+8°C.

Өскемен, Талдықорған, Қарағанды ​​қалаларында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -10...-16°C, күндіз -1...-6°C.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары