
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш пен Келес аудандарына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесу өткізді.
Алдымен сарыағаштықтармен кездескен өңір басшысы Сарыағаш ауданын дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін және бұл жұмыстардың әрі қарай жаңа қарқынмен жалғасатынын жеткізді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
– Әкімнің міндеті – халықпен кездесу, елдің жайын білу. Өзінің құзыреті аясында мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдау. Барлық жұмыстар маңыздылығына байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асады. Сондықтан құрғақ уәде бере алмаймын. Көтерілген мәселелер орынды. Ауданды дамыту жұмыстары жалғасады, – деді Дархан Сатыбалды.
Одан кейін өңір басшысы Келес ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде және жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан үй салуға жер беру, кітапхана салу, жұмыссыздық, спорт кешенін салу және өзге де мәселелер көтерілді. Өңір басшысы ұсыныстар орынды екенін, олар назарға алынатынын атап өтті.
– Ауыл шаруашылығы саласын Келес ауданының брендіне айналдыруға болады. Өйткені мұнда егін, мал шаруашылығын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Осында өстік, бала кезде таңғы 7-ден бастап малға су беріп, қораны тазалап, бақшамызда түрлі дақылдар егіп өстік. Бір жылда 2-3 өнім алынатын. Осы үрдіс жалғасуы тиіс. Ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты жобаларды толық қолдаймын. Мал шаруашылығымен айналысатын 25 шаруа қожалығы мен кәсіпорындардың тізімі бекітіліп, Өзбекстанға ет экспорттауға рұқсат алынды. Келестік шаруаларды да осы тізімге қосып, ет экспортын ұлғайтуға мүмкіндік мол. Спорт кешенін, Оқушылар сарайын, кітапхана салу мәселесін де қарастырамыз. Бұл аймақтың мәселелерін жақсы білемін. Жалпы өңір тұрғындарының 80 пайызға жуығы ауыл-аймақтарда тұрады. Сондықтан енді аудандарға, ауылдарға қолдау күшейтіледі, – деген Дархан Сатыбалды Келес өзеніндегі заңсыз карьер қазушылардың жұмысын тоқтату, синтетикалық дәріге қарсы күресті күшейту жөнінде жауаптыларға тапсырма берді. Сарыағаш пен Келес ауданындағы қордаланған мәселелер бойынша арнайы жиналыс өткізіп, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Іссапар барысында Д. Сатыбалды екі аудандағы бірнеше кәсіпорын мен шаруа қожалығын аралап көрді. Шаруалар мен кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдап, кәсіпкерлікке қолдау күшейтілетінін айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-