Тікелей эфир

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматқа шабуыл жасаған ер адам 8 жылға сотталды

II топтағы мүгедек жәбірленушіні күдікті ер азамат кешкі уақытта күш қолданып, әрі қорқытып, ақшасы мен телефонын алып кеткен.

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматқа шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен ер адам арызында үйіне белгісіз біреу заңсыз кіріп, күш қолданып, ақшасы мен телефонын алып кеткенін жеткізген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тәртіп сақшылары істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде 43 жастағы күдікті ер азамат тұрғылықты үйінен ұсталды. Ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында қызды алып қашқан екі жігіт 7 жылға сотталды


Белгілі болғандай, II топтағы мүгедек жәбірленушіні күдікті ер азамат кешкі уақытта күш қолданып, әрі қорқытып, ақшасы мен телефонын алып кеткен. Қарақшылық жасаған ер адамға қатысты іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды. Соттың шешімімен мүгедек ер азаматқа шабуыл жасаған жігіт 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктестер жаңалықтары