Тудағы арабша жазу: Кінәлілер қанша айыппұл төледі

Суретке түскен төрт қыз әкімшілік жауапқа тартылған.

Атырау  облысында бет-жүзін тұмшалап, арабша жазуы бар Қазақстан туымен суретке түсіп, қоғам наразылығын тудырған қыздар (мен ата-аналары) қанша айыппұл төлегені белгілі болды. Бұл мәлімет бас прокурор Берік Асыловтың мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған. 

Әкімшілік жауапқа тартылғандар: 

  • Ф.Қ. Айтқали – 78 640 теңге айыппұл;
  • Ғ.Қ. Халмұраттың анасына – 39 320 теңге айыппұл; 
  • Н.А. Асылбектің анасына – 39 320 теңге айыппұл;
  • М.К. Нұркешева – 15 тəулікке əкімшілік қамақ.

"Қылмыстық қудалау органымен "Ozon" маркетплейсінің Қазақстандағы өкілдігіне қылмыстық құқық бұзушылықтар жəне басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөнiндегi ұсыну (Қылмыстық процестік кодекстің 200-бабының тəртібінде) қылмыстық іс шеңберінде жолданды", – делінген Берік Асыловтың жауабында. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін жақсы білесіз бе? Тест


 

Серіктестер жаңалықтары