Тікелей эфир

Трамп Украина мен Ресей бойынша АҚШ-тың арнайы елшісі қызметіне Кит Келлогты ұсынды

Кит Келлог бүгінде – АҚШ армиясының отставкадағы генерал-лейтенанты.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей бойынша арнайы елші қызметіне Кит Келлогты ұсынды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. 

"Мен генерал Кит Келлогтың кандидатурасын президент көмекшісі және Цкраина мен Ресей бойынша арнайы елші қызметіне ұсынуға қуаныштымын. Біз бірге бейбітшілік орнатып, Американы қайтадан қауіпсіз етеміз", – деп жазды Дональд Трамп. 

Трамп бұған дейін АҚШ президенті болған тұста Кит Келлог Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде жұмыс істеп, вице-президент Майк Пенстің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарған болатын. 

Бұған дейін Кит Келлог соғыс майданын ағымдағы позициясында тоқтатып қойып, ресми Киев пен Мәскеуді келіссөз жүргізуге мәжбүрлеу арқылы Украинадағы қақтығысты тоқтатуды ұсынған болатын. Ол соғысты келіссөз арқылы шешуге үндеп, Украина тарапының ауқымды шығындарға батуына алаңдаушылық білдірді. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев Ресей-Украина қақтығысы туралы: Соғыс қос тарапты да жойып тынады


 

Серіктестер жаңалықтары