Тікелей эфир

Төтенше жағдай Қазақстанның тағы бір облыс орталығында жарияланбақ

Қоғамдық талқылау бүгін 18.30-ға дейін жалғасады.

Қазақстанда су тасқынының салдарын жою мақсатында Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр. Ашық НҚА порталында жарияланған қала әкімі шешімінің жобасын жария талқылау бүгінгі 9.00-ден 18.30-ға дейін жалғасады. 

"Ұлытау облысы Жезқазған қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Ербол Ғалымжанұлы Құсайынов тағайындалсын", – делінген шешім жобасында. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан тарихындағы ең ірі су тасқындарына шолу


Еске салайық, Қазақстанның 10 өңіріндегі түрлі елді мекендерде бұған дейін төтенше жағдай жарияланған болатын. 

Ұлытау облысы әкімдігінің 22 сәуірдегі мәліметінше, су тасқынынан орын алған төтенше жағдайдың салдарын жою және қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті шығын сомасы – 274 миллион. Оның 70 пайызы облыстық бюджеттен, қалған бөлігі Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының әкімдіктерінің бюджетінен өтеледі. 

Арнайы құрылған сараптамалық комиссия жұмысының нәтижесіне сәйкес, Ұлытау облысында тасқын судан зардап шеккен 22 үй болса, оның 5-еуі апатты деп танылған. Оның үшеуі – Ұлытау, қалған екеуі – Жаңаарқа ауданында.

Серіктестер жаңалықтары