Тікелей эфир

"Тоқалға чемодан ал": Алматыдағы сауда орталығы әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Орынсыз жарнама материалдары қазір алынып тасталды.

Президент жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия "Гранд Парк" сауда, ойын-сауық орталығындағы "Тоқалға чемодан ал" деген жарнама бойынша қала әкімдігіне шағым түсірген. Қазір жарнама материалдары жойылып, сауда орталығының үстінен әкімшілік іс қозғалғалы жатыр. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әлеуметтік желіде хабарлады. 

"Гранд Парк" сауда, ойын-сауық орталығының әкімшілігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 505 бабына сәйкес әлеуметтік жауапкершілікке тартылады", – делінген комиссияның хабарламасында. 

Еске салайық, сауда орталығындағы "Тоқалға чемодан ал" деген жарнама әлеуметтік желі қолданушылары арасында резонанс туғызып, кеңінен талқыға түсті. Сын астында қалған жарнама әзіл болса да, әйелдер құқығын бұзады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары