USD: 479.9 / 482.5
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.87 / 5.99
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады

22 мамыр күні мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрімен және Сингапур президентімен кездеседі.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы аптадағы жұмыс кестесі туралы хабарлады.

Президент 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі. Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.  

Мемлекет басшысы 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады. 

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аяқталды

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау