Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
"Қазақстан президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді", — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.
USD:
482.5 / 485.3
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.83 / 5.99