USD: 472.9 / 476.9
  • EUR: 540.5 / 546.5
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Тоқаев Жаңаөзендегі наразылыққа қатысты мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы шеруге шыққандардың қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс екенін айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында газ бағасының қымбаттауына байланысты наразылығына қатысты мәлімдеме жасады. 

"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс", – деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Мемлекет басшысы азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек екенін атап өтті.

Маңғыстау облысында бірнеше елдімекен тұрғындары газ бағасын арзандатуды талап етіп наразылыққа шықты. Кейінірек ҚР Энергетика министрлігі қымбаттау себебін түсіндірді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау