Тікелей эфир

Тоқаев жаңадан тағайындалған әділет министрін қабылдап, бірқатар тапсырма берді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы азаматтардың құқығы мен мүддесіне ден қоюдың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада жаңадан тағайындалған әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Министр нормативтік актілерді әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді.

Бұның барлығы "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты президент жолдауын іске асыру аясында қолға алынып отыр.

Ал мемлекет басшысы азаматтардың құқығы мен мүддесіне ден қоюдың маңыздылығына ерекше тоқталып, жаңадан тағайындалған министрге бірқатар тапсырма берді.

Серіктестер жаңалықтары